Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА НАРКОЛОГ-ПСИХИАТРЛАР ҚАТЫСҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Атырауда өңірдегі психиатр, нарколог мамандардың қатысуымен алғаш рет ғылыми-практикалық конференция өтті. Оны Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы халықаралық нашақорлықпен күресу және алдын-алу күніне орай ұйымдастырды. Өзге өңірлердегі мамандар жиынға онлайн түрде қатысты. Конференция кезінде дәрігерлер психиатрия мен наркологиядағы инновациялық аспектілер, атап айтқанда емдеу және оңалтудың замануи жолы, науқасқа психикалық көмек беру туралы талқылап, тәжірибе алмасты. Солардың бірі — есірткі заттарын пайдаланатын адамдарға арналған опиоидты агонисттерді қолдау терапиясы бағдарламасы. Яғни есірткіні дәрі-дәрмекпен алмастыру. Сондай-ақ семинарда мамандар психикалық және мінез-құлық бұзылысын емдеу кезіндегі психологиялық көмек, суицидтің алдын алу секілді тақырыпта бірнеше баяндама жасады.
Толығырақ https://fb.watch/lvK2RO9POJ/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *