Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҚАТТА ЭЛЕКТРОМОНТЕР ЖҰМЫСТА ЖҮРІП ҚАЗА ТАПТЫ

Мақатта “Атырау жарық” АҚ қызметкері қызмет бабында қаза тапты. Оқиға 21 маусым күні түстен кейін Алаш көшесіндегі қосалқы трансформатор станциясының маңында болды. Сол жерде 60 жастағы электромонтерді тоқ ұрған. Оның қасында болған тағы бір қызметкер қазір Мақат ауданының орталық ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты, — дейді дәрігерлер. Осы жағдайдан кейін «Атырау жарық» АҚ басшылығы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына оқиғаның болғанын хабарлаған. Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Толығырақ https://fb.watch/lp7O6XJakv/

Оқи отырыңыз...

«Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА: БЕДЕУЛІК ТУРАЛЫ МИФ ПЕН ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ ШЫНАЙЫ ҚАУПІ

МАҢҒЫСТАУДА БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАРҒА ӨНДІРІСТІК ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ