Маңғыстау облысында жол-көлік апатынан 32 адам қаза тауып, 185 адам жарақаттанған. Бұл – жыл басынан бері тіркелген 164 жол-көлік апатының салдары. Жанды түршіктірерлік осындай оқиға жуықта Жаңаөзен-Кендірлі тас жолының бойында кешкілік уақытта болды. 10 адам — екі отбасы сол жерде тіл тартпастан кетті. 5-еуі бала. 2019 жылы туған сәбиге ота жасалғанмен, арада 4 сағат өткенде ол да көз жұмды. Полиция 4 адам сиятын Toyota көлігінің ішінде 8 адам болғанын айтады. Ал Duster-дің жүргізушісіне бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынған екен.
Толығырақ https://fb.watch/lhBU0XzKgB/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0