Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДАЛА ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТІНЕ ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫН ЕМЕС

Атырау облысы дала және орман өртіне толықтай дайын емес. Облыстық әкімдікте аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен өткен жиналыстан осындай қорытынды шығаруға болады. Құтқарушылардың сөзінше кей аудандарда өрт сөндіру бекеттері қағаз жүзінде ғана бар. 2021-2025 жылдар аралығындағы экономикалық-әлеуметтік жоспар бойынша Исатай, Тайсойған, Хиуаз және Бақсай ауылдарында 4 бекет ашылуы тиіс. Қазір бұл жұмыс Махамбет пен Исатай ауданында қарқынды жүріп жатыр дейді маман. Дегенмен, Исатай ауданының басшылары осы уақытқа дейін өрт сөндіру бекетін қаржыландыру туралы мәселе көтермепті. Дала мен орман өртіне Құрманғазы ауданы да дайын емес болып шықты.
Толығырақ https://fb.watch/laQiviA_ns/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *