Жаңалықтар

7000 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Облыста азаматтарды жұмыспен қамтуға 35 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Ол қаражатпен 7000-нан астам адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте айтылды. Жиын барысында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. Аталған бағдарлама аясында өңірде 63 жоба іске қосылады деп күтілуде. Оның 17-сі инфрақұрылымдық бағытта. Осы ретте облыс әкімі аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермей, тұрақты табыс көздерін ашуды тапсырды. 

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі

  • Мұнайшы кен орындары бар, басқа құрылыс компаниялары бар олар адамдарын жұмысқа тартып жатыр. Керек болса әкімдікке шығып, штабқа шығып, басқа өңірлермен сөйлесіп сол мәселені бәрі шешіп жатыр. Сіз көп жұмыс басталмағанын түсіндіріп айтып жатсыз, ондай әңгімені қою керек, жұмысты қолға алу керек алдағы уақытта тез ұйымдастыруымыз керек.

Аталған бағдарлама аясында 2000-нан астам жұмыс орны ашылады. Олардың кем дегенде тең жартысы жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтарға ұсынылуы тиіс.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *