Қаланы жаңа жылға безендіру үшін қазынадан 60 миллионнан астам қаражат бөлінді. Оның 12 миллион теңгеге жуығы 6 шырша ағашын сатып алуға жұмсалмақ. Мейрамның сәнін келтіретін басты шырша биыл облыстық әкімдік алдындағы Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңға қойылмақ. Ал, өзгелері Қайырғали Сұмағұлов, Дина Нұрпейісова, Саламат Мұқашов көшесі мен Балықшы, «Вокзал маңы» ықшам аудандарында орнатылатын болады. Жайық өзенінің жағалаулары мен Қаныш Сәтпаев көшесі бойындағы ағаштарды қосымша жарықтармен әсемдеуге 50 миллион теңге бөлінді. Айта кету керек, жаңа жылдық безендірулер мен басты шыршаны құру 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінен кейін ғана қолға алынады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0