Атырауда 6 ақпан күні, сағат 11:00-де дабыл сиренасы іске қосылады. Бұл республикалық «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес орындалады. Мұндай ақпаратты Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратты. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ, теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Департамент қызметкерлері «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде тұрғындардан үрейленбей, тыныштық сақтауды сұрайды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0