Қазгидромет мамандары 15-17 ақпанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Сонымен, батыста ауа-райы қандай болады?
Солтүстік-батыстан арктикалық антициклон Қазақстан аумағына жылжиды. Сөйтіп республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтиды.
Ол аязды ауа райын әкеледі.
15 ақпан — шығыста, 16 ақпан — еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Көктайғақ, бұрқасын соғады.
Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпан шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін суытады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0