Басты ақпаратЖаңалықтар

2025 жылы жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты көлік салығы алынып тасталуы мүмкін

Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отыр, өйткені 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде, көлік құралдарына салынатын салықты ескере отырып, жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді пайдаланғаны үшін жалпы шығындары артады.

«Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуімен (мысалы, екі есеге) азаматтардың көлікті иеленуге және пайдалануға жұмсайтын шығындары сәйкесінше артады. Мұндай өсім әсіресе эконом-кластағы көлігі бар адамдарға қатты әсер етеуі мүмкін. Сәйкесінше, бұған қатысты шара қолдану керек. Халықтың әлеуметтік және қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеуқажет», — делінген құжатта.

2022 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық түсімдері 70 млрд теңгені құрады. Табысты үнемдеу мақсатында қозғалтқыш көлемі ұлғайтылған автокөліктерге салықты сақтап қалу ұсынылады.

Құжат 29 қыркүйекке дейін талқылауда болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *