Атырауда қос каратэ клубы бой көтерді. Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының Атырау облыстық филиалының бастамасымен қаладағы Бақтыгерей Құлманов пен Бейімбет Майлин көшелерінің бойында ауданы 200 шаршы метрден асатын «Намыс» және «Спартанец» спорт залдары ашылды. Мұнда 300-ге жуық спортсүйерге шығыс жекпе-жегімен қатар физикалық жаттығулармен айналысуға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, бүгін республика бойынша каратэмен айналысатындардың саны 7000-нан асса, оның 1200-і Атырау облысының спортшылары.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0