Жаңалықтар

15-қаңтардан бастап ұлттық қордан ақша алатын балалардың тізімі жасалды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 15 қаңтардан бастап «Ұлттық қордан – балаларға» бағдарламасын іске асыру үшін электрондық тізім жасауға кіріседі.

Қор  «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы  2023 жылдың 31 желтоқсанындағы мәліметті негізге  алады. Ақпанның біріне дейін әр балаға жылына бір рет төленетін ақшаның мөлшері есептеліп, ол ақпараттық жүйеге енгізіледі. Ал ақпан айында 18 жасқа толмаған ел азаматының атына жинақтау шоты ашылады. Бұл жайлы ақпарат БЖЗҚ enpf.kz сайтында жарияланды.

«Балаға қатысты деректі тексеріп, енгізуді өзіңіз тегін және еш қиындықсыз жасай аласыз. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Ең бастысы – бала құжатының бар болуын және оның дұрыстығын тексеру. Бұл мәліметтердің egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіңізде тіркелгенін тексеру керек» , — деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Ата-ана баласының шотына түскен қаржы туралы ақпаратты элеткронды үкімет немесе БЖЗҚ интернет-ресурсынан біле алады. Осыдан екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұратынын, оны мерзімінен бұрын есепшоттан алуға болмайтынын» айтқан еді.

Мемлекет басшысы  былтыр 16 қарашада Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. Статистика департаменті қызметкерлерінің айтуынша Атырау облысында кәмелетке толмаған 270 мыңдай бала бар. Бұл — 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығарылған мәлімет.  Ал нақты ақпарат ақпан айында белгілі болмақ.

 

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *