Биыл Кеңес әскерилерінің ауған жерінен шығарылғанына отыз жыл. Осыған орай, Жеңіс саябағында қалалықтар бір минут үнсіздік жариялап, ауған соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.Бұдан кейін шара облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен жиынмен жалғасты. Онда Ауған соғысының ардагерлері жиналған жұртшылықты атаулы күнмен құттықтап, ел тәуелсіздігінің баянды болуын тіледі. Өз кезегінде, майдангерлерге де тиісінше құрмет көрсетілді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0