Жаңалықтар

1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Облыстағы бюджет қаражаты екі ай карантинде 1 млрд теңгеге үнемделді. Оқушыларды ыстық тағаммен қамтуға кететін жарты миллионға жуық қаражат пен мәдени шараларды өткізуге жұмсалуы тиіс 360 миллион теңге, сондай-ақ, іс-сапарлар мен курстарға жұмсалмай қалған 135 миллион теңге үнемделді. Ал кеңсе тауарлары мен коммуналдық шығындардан түскен пайда 96 миллион теңгені құрады. Жақында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында бұл қаражаттың мектеп дәретханаларын жөндеу және көшедегі әжетханаларды бұзу, автомобиль жолдарын жөндеу мен қысқы дайындыққа жұмсалатындығы белгілі болды. Мұнайлы өңір еліміздің басқа облыстарына да көмектеспек ниетте. Бюджетте бос тұрған қаражаттың тағы бір бөлігіне Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығына жәдігерлер сатып алынып, Семей көшелері көркейтілмек.

Азамат СӘЛІМБАЕВ, Атырау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі
— ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А.Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа осыдан бір жыл бұрын қол қойған болатын. Сол қаулыны жүзеге асыру барысында барлық өңір өз тараптарынан сондай тарту жасады. Соның ішінде Атырау қаласы да Семей қаласының балалар және спорт алаңдарын орнату арқылы аулаларды абаттандыруға көмек көрсету жоспарланған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *