Әлем жаңалықтары

📢🌎ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 11.01.2024Ж.

🌎БҰҰ ТІКҰШАҒЫ ШАБУЫЛҒА ҰШЫРАДЫ
Сомалиде «әл-Шабаб» қарулы тобы БҰҰ-ның тікұшағын басып алды. Бортта сегіз не тоғыз адам – жолаушылар және экипаж мүшелері болғаны айтылады. Содырлар оларды кепілдікте ұстап отырғанға ұқсайды.
🌎ЭКВАДОРДА 5 ЛАҢКЕСТІҢ КӨЗІ ЖОЙЫЛДЫ
Тәртіпсіздік басталы бері Эквадор әскері мен полициясы рейдтер кезінде 329 қылмыскерді ұстады және бес адамды өлтірді. Бұл туралы елдің қарулы күштері біріккен қолбасшылығының басшысы Хайме Вела Эрасо мәлімдеді.
🌎УКРАИНАҒА 3,1 МЛРД ДОЛЛАР КӨМЕК БЕРІЛУІ МҮМКІН
Келесі аптада БҰҰ донорлардан Украинаға гуманитарлық көмекке 3,1 млрд доллар қаражат сұрайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма төрағасы Эдем Восорну осылай деп мәлімдеді. Украинаға гуманитарлық қолдау бойынша жылдық жоспар 15 қаңтарда таныстырылады.
🌎УКРАИНАДА МОБИЛИЗАЦИЯ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНБАДЫ
Рада мобилизациялау жобасы бойынша әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді. Украинадағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия үкіметтің мобилизациялау туралы заң жобасына қатысты шешімді депутаттар қорғаныс министрлігі өкілдерімен бірге парламенттің келісім кеңесінде қабылдайтынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
👉🏻 ТОЛЫҒЫРАҚ 👈🏻

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *