Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім 2 күнге ұзартылып, тағы 11 адам босатылды. Олардың қатарында шетел азаматтары да бар. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдан кейін Францияда 15 жасқа дейінгі балалар арасында пневмония ауруы күрт өсті. Мұнда медициналық шағымдардың саны кем дегенде онжылдықта бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сомалидегі толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынынан қаза тапқандар саны 96-ға жетті, деп хабарлайды Kazinform Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
БҰҰ мәліметінше, онжылдықтағы ең жойқын су тасқыны 700 мыңға жуық адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.
АҚШ-тың Аризона штатындағы Tuscan ауруханасында афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне кінәлі деп танылып, 22,5 жылға сотталған бұрынғы полицей Дерек Шовин көз жұмды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Шовин жазасын өтеп жатқан түрмеде тұтқындардың біреуі оған пышақ ала жүгірген. Бірнеше жерден жарақат алған бұрынғы полицей реанимацияға түскен.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0