Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 22.11.2023Ж.

🌎ИЗРАИЛЬ МЕН ХАМАС СОҒЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ
Израиль үкіметі бірнеше сағатқа созылған келіссөзден кейін ХАМАС тобымен келісімді мақұлдады. Кazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
🌎КИЕВТЕ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНА ҚАРСЫ ҚОРҒАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Украинаның Киев облысында әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесі іске қосылды, деп хабарлады РИА Новости өңірдің әскери әкімшілігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
🌎МЕЙРАМХАНА АСТЫНАН 10 АДАМНЫҢ СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ
Ресей астанасы Мәскеу қаласының батысындағы 1-ші Сетунь жолының бойында жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында 10-нан астам адамның қаңқасының бөліктері табылды.
🌎ӘЗЕРБАЙЖАН АРМЕНИЯНЫ БІТІМГЕ ШАҚЫРАДЫ
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Армения тарапын бейбіт келісімді жүзеге асыру үшін келіссөздерді жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Kazinform.
🌎АРАБ ЕЛДЕРІ ІССАПАРМЕН РЕСЕЙГЕ КЕЛДІ
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд бастаған ислам және араб елдері СІМ басшылары Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін Ресейге сапарлады. Бұл туралы Сауд Арабиясы сыртқысаясат ведомствосының X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми аккуантында мәлім етілді, деп хабарлайды Кazinform.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *