Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 08.12.2023Ж.

🌎ӘЗІРБАЙЖАНДА КЕЗЕКТЕН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ
Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Тиісті бұйрыққа президент Ильхам Әлиев қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
🌎РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ КҮНІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Федерация кеңесі 7 желтоқсанда өткен жалпы отырыста Ресейдегі президент сайлауының мерзімін бекітті. Парламенттің жоғарғы палатасының шешіміне сәйкес, дауыс беру 2024 жылдың 17 наурызында өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
🌎ДАНИЯ БИЛІГІ ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАҒУҒА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛДЫ
Дания парламенті Құран мен басқа да қасиетті жазбаларды өртеуге тыйым салатын заң қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Jyllands-posten сайтына сілтеме жасап.
🌎ИЗРАИЛЬ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ: ГАЗДАҒЫ СОҒЫС ТАҒЫ ЕКІ АЙҒА ҰЗАРУЫ МҮМКІН
Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант брифинг барысында Газа секторындағы соғыс әлі екі айға созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News арнасына сілтеме жасап.
🌎КИЕВ 2024 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАҒА РЕСЕЙЛІКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ИДЕЯСЫН СЫНАДЫ
Украинаның Жастар және спорт министрі Матвей Бедный 5 желтоқсанда Лозаннада өткен Олимпиада саммитінде бірқатар ұлттық олимпиада комитеттері мен спорт федерациялары тарапынан болған 2024 жылғы Олимпиадаға бейтарап мәртебедегі Ресей мен Беларусь спортшыларын қабылдау туралы ұсынысты сынға алды. Бұл туралы бейсенбі күні министрліктің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.
🌎ТЕЙЛОР СВИФТ TIME ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ АТАНДЫ
Америкалық әнші әрі ән жазушы Тейлор Свифт Time журналының жыл адамы атанды, деп хабарлайды басылым сайты.
Рейтингте Тейлор Свифт Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді, Ұлыбритания королі Чарльз III мен Барбиді басып озды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *