Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 06.12.2023Ж.

🌎ГЕРМАНИЯДА АУА-РАЙЫ САЛДАРЫНАН 3 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ
Германияда мұзды жаңбыр мен қардың кесірінен жол-көлік апаттары орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты. Мюнхен әуежайы рейстерді тоқтатты. Саксонияда мектеп автобусы апатқа ұшырап, 1 бала қайтыс болды, тағы алты оқушы зардап шекті. Екі ересек адам, оның ішінде жүргізуші де ауыр жарақат алды.
🌎МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТЕРРОРЛЫҚ ШАБУЫЛДАР ҚАУПІ КҮШЕЙЕДІ
Террористік қауіпке қарсы тұру үшін ішкі істер жөніндегі Еуропалық комиссар Ильва Юханссон мешіттер мен синагогаларды қоса алғанда, осал жерлерді қорғау үшін құны 30 миллион еуро болатын шаралар пакетін жариялады:
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысқа және оның біздің қоғамда тудыратын поляризациясына байланысты алдағы мереке маусымында Еуропалық Одақта террористік актілердің болуының үлкен қаупі бар.
🌎ЦАХАЛ ӘСКЕРЛЕРІ ХАН-ЮНИСТІ БАСЫП АЛДЫ
Израиль қорғаныс армиясы оның әскерлері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласының орталығында, сондай-ақ Джебалия босқындар лагерінде және Шеджая ауданында құрлықтағы шайқастарға қатысып жатқанын хабарлады.
🌎ЖАНАРТАУДЫҢ САЛДАРЫНАН 23 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Индонезиядағы Марапи жанартауының атқылауы салдарынан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
🌎ҮНДІСТАНДА ӘУЕЖАЙДЫ СУ БАСТЫ
Үндістанның 9 миллионнан астам тұрғыны бар Ченнай қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан әуежайды су басып қалды. Мегаполисте күн райының қолайсыздығына байланысты мектептер, колледждер мен банктер жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ https://fb.watch/oMbnirxZDV/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *