Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 04.12.2023Ж.

🌎МАДРИДТЕ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ ӨТТІ
Мадридтегі наразылық шерулерінің алдында Женевада премьер-министрдің міндетін атқарушы Педро Санчес партиясының өкілдері Каталонияның тәуелсіздігін жақтаушылармен кездесу өткізді. Kazinform бұл туралы DW жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ПӘКІСТАНДА ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ШАБУЫЛЫНАН 9 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Пәкістанның солтүстігінде қылмыскерлер автобусқа оқ жаудырып, салдарынан 9 адам көз жұмды, олардың қатарында екі сарбаз бар. Kazinform бұл туралы ABC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ФРАНЦИЯДА ТЕРАКТ ОРЫН АЛДЫ
Эйфель мұнарасы жанындағы Гренель жағалауы ауданында пышақ пен балға ұстаған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасап, салдарынан германиялық турист қаза тапты. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ПЕРУДЕ ШАХТАҒА ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ
Перуде қарулы адамдардың Патас провинциясындағы шахтаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Бұл туралы сенбі күні елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
🌎ИНДОНЕЗИЯДА МЕРАПИ ЖАНАРТАУЫ АТҚЫЛАДЫ
Индонезияның Суматра аралында елдегі ең белсенді Мерапи жанартауы атқылады.
Лава кратерден (жанартаудың ауызы) 1,5 шақырым жерге жайылды, деп хабарлады Индонезияның Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігі.
🌎ФИЛИППИНДЕ МИНДАНАО УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Филиппиннің оңтүстігіндегі Марави қаласындағы Минданао университетінде болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, тоғызы жараланды, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
🌎ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫНА ӘУЕ СОҚҚЫЛАРЫН ЖАСАУДА
Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік аудандарына әуеден соққы жасап жатыр. Шабуылдап жатқан – Израиль Әскери әуе күштері мен әскери теңіз күштері. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *