Басты ақпаратЖаңалықтар

№377 БЕКЕТКЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Мақат ауданына қарасты №377 бекет тұрғындарының тілегі орындалып, газ берілді. Аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан бекет тұрғындары осы уақытқа дейін көмір жағып келген еді. Мұндағы халықтың саны 50-ге жеткенде ғана жергілікті әкімдік көгілдір отын жүргізуді қолға алып, ол үшін бюджеттен бар болғаны 13 млн теңге жұмсалды. Өйткені газ құбыры іргеден өтіп жатыр.

Нәтижесінде 2 шақырым  желі тартылып, газ стансасы мен реттегіш пункт орнатылды. Орта қысымды газ құбырының ұзындығы 1300 метр болса, төменгі қысымды газ құбырының ұзындығы 700 метр.

Мердігер мекеме жұмысты былтыр қазанда бастап, желтоқсан айында аяқтады. Осылайша аудан бойынша ауылдарды газбен қамту үлесі 98 пайызға жетті.

Бекеттегі 10 үйде 58 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының дені —  теміржолшы, кейбірі мал шаруашылығымен айналысады. Олардың ендігі тілегі — ауылға су құбырының тартылып, жолдың салынуы.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *