Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨР СУЫ ҚАЛАНЫҢ ҚАЙ ТҰСЫНА ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ?

 «Жайық арнасынан асады» дегелі әрі төтенше жағдай жарияланғалы бері тұрғындардың басқа қалаларға уақытша кетіп жатқаны байқалады. Көбі Алматы Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына жол тартыпты. Қаладағы туристік агенттік өкілдері осылай дейді. «Билетке сұраныс әдеттегіден көп. Бірақ жақын күндерге мүлде болмай тұр, сол бойда сатылып кетіп жатыр. Клиенттер үшін күту парағын ашып қойып отырмыз», — дейді олар.

Теміржол вокзалында қатты дүрбелең байқалмағанымен, өңірдегі жағдайға байланысты сапар шегіп бара жатқандар аз емес. Солардың бірі — Анар Жарымбетова. Келіні екеуі төрт баламен Маңғыстау жеріндегі ағайындарына барып бас сауғаламақ. Ал әулеттің азаматтары көппен бірге жағада жүр.

Жұлдыз есімді кейіпкеріміз де қауіптен қашық болайын деп Ақтауға жетіп, орналасыпты. Сөзіне қарағанда мұнда Атырау, Ақтөбе, Орал қаласына келіп жатқандар көп.

7-сәуір күні Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Содан бері облыс бойынша бөгет соғуға 1000-ға жуық техника мен 25 мыңдай ерікті  жұмылдырылған. Олар гуманитарлық көмек жинап, бөгет салумен айналысуда. Жалпы қала бойынша тұрғындар еріктілермен бірлесіп, ұзындығы 42 шақырым бөгет тұрғызды. Бүгін Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 22 см-ге көтерілген. Қазір мұндағы су деңгейі  334 см-ді көрсетіп тұр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *