Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨРКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШ АПТАДАН БЕРІ ГАЗСЫЗ ОТЫР

 

Атырау қаласындағы Өркен ықшам ауданында үш аптадан бері газ жоқ. Тұрғындар төрт қабырғаның іші салқындаған соң амалдың жоқтығынан газ баллонын қолданып отыр. Айтуларынша, газ алғашқыда бірнеше сағат болмаған. Кейін оны беруді тәуліктеп тоқтатып тастапты.

Тұрғындар тиісті органдарға хабарласқанымен, мардымды жауап берер жан болмай тұр. Қазтрансгазаймақ жұмысшылары Қаратаев, Шөреев, Қапақов көшесінің бойын індете отырып, қазып шыққанымен, құбырдан ақау табылмапты. Олар қолымызда бұл маңдағы газ желісі туралы сызба-құжат жоқ деп отыр. Өйткені кезінде құбырды тартқан мекеме оны жергілікті әкімдікке тапсырмаған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері аталған аумақтағы газ құбырларына жауапты емеспіз, дегенмен, ақауды тапқанша, іздей береміз дейді. Ал, құбырлардың иесі – қалалық әкімдік болғанымен, ондағы жауаптылар осыдан 10 жыл бұрынғы жағдайдан хабарымыз жоқ деп жайбарақат отыр. Ресми дерек бойынша қаладағы 20 шақты ықшам аудандағы жағдай осындай.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *