Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕН: ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕРГЕУДІ БАСТАДЫ

Өзін өзі өртеп жіберген доссорлық азаматтың жағдайы ауыр. Денесінің 81 пайызын күйік шалған. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әзірге азаматтың не себепті мұндай іс-әрекетке барғаны белгісіз. Полицейлер қылмыстық кодекстің 105-ші, яғни өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бабы бойынша тергеп-тексеруді бастады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы

Оқиға 13-қаңтар күні 16:45 шамасында орын алған. Куәгерлер 102 операторына қоңырау шалған. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел-жәрдем жеткен. Анықталған алдын ала ақпарат бойынша аталған азамат өз өзін отбасылық жанжалдан соң өртеп жіберген.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *