«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері зарарсыздандыру жұмыстарына қайта жұмылдырылды. Еске салсақ, ТЖ режимі аяқталғаннан кейін әскерилер өздерінің қызмет ететін бөлімдеріне кері қайтарылған еді. Енді олар 10 маусым-ға дейін жүргізілетін дезинфекциялаудың екінші толқынына кірісті. Залалсыздандыру жұмыстары тұрғын үйлер мен оған іргелес аумақтарда, ойын алаңдары мен саябақтарда, мемлекеттік мекемелер мен базарларда, сондай-ақ, теміржол вокзалы мен әуежай маңына жүргізіледі.
Алмас НЕСІПҚАЛИЕВ, «Батыс» ӨҚ РХБ әскерлерінің бастығы
-Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданы, автовокзал және теміржол вокзалы өңделді. Өңдеу жұмыстары барысында бұрынғыдай акма-хлор ертіндісін қолданамыз. Оның қоршаған ортаға еш зиян әсері жоқ.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0