Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАЙДЫ

Сегіз мың өңір тұрғынының  есеп шотына қойылған бұғат алынып тасталды. Яғни, облыстық кірістер департаментіндегілер банкке борышкерлердің атына берген  өкімін қайтарып алды. Енді банктер мемлекет тағайындаған жәрдемақыдан несие қарыздарын ұстап қала алмайды. Мұндай қадам төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандардың 42 500 теңгелік жәрдемақыны толық көлемде алуы үшін жасалып отыр. Айта кету керек, тек жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың есеп шотына қол сұғылмайды. Ал ЖШС, АҚ мен шаруа қожалықтарындағы тәуекел жоғары болғандықтан, оларға мұндай жеңілдік  қарастырылмаған.

Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облыстық МКД бас маманы /нало/

  •  4-6 сәуір аралығында 7673 жеке кәсіпкердің бұғатталған банк шоты ашылды. Естеріңізге сала кетейік , микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін 2020 жылдың 1 маусымына дейін барлық салық және әлеуметтік төлемді кейінге шегеру туралы шешім қабылданған болатын.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *