Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде әкелер күніне орай «Әке — жауапты лауазым» атты жиын өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, әкелер кеңесінің мүшелері және өзгелер қатысты. «Бала тәрбиесінде әкенің орны бөлек екендігі белгілі. Бірақ, қазір жұмысбастылықты сылтау етіп, кішкентайларға ата-ана тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жатады. Ал осындай кездесуді ұйымдастыру — әке мен баланың арасындағы қарым-қатынастың, жалпы жанұяның нығаюына ықпал етеді», — дейді ұйымдастырушылар.
Толығырақ https://fb.watch/laQLCPpe8d/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0