Басты ақпаратЖаңалықтар

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНА 3 МЛРД.ТГ. АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Ұялы байланыс операторлары құзырлы орындардан қанша рет ескерту алса да тұтынушылардың құқығын бұзуды қоймай келеді. Оларды жыл сайын сан рет тексеріп, айыппұл салса да көрсетілетін қызмет сапасы жақсарар емес.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі былтыр ұялы байланыс операторларын 782 рет тексеріп, сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды.

Алайда, заңдағы жеңілдіктерге байланысты операторлар 1 миллиард 644 миллион теңге төлеп құтылыпты. Атап айтсақ, Tele2 – 751,4 млн, Kcell – 563,2, ал Beeline – 329,4 млн теңге төледі. Министрлік бұған дейін де сапасыз қызмет көрскен байланыс операторларына бірнеше рет айыппұл салған. Атап айтсақ, 2020 жылы жауаптылар 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге, 2021 жылы 562 рет тексеріс жасап, 264 млн теңге айыппұл салған. Ал, 2022 жылы мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл төлеуге міндеттеген еді. 2022 жылға дейін ұялы байланыс операторлары министрлік қойған талаптардың 33 пайызын ғана орындаған көрінеді. Ал, былтыр айыппұл көлемі артқан соң, нұсқаманың 65 пайызын жасапты. Бұған дейін Kcell, Beeline, Altel/Tele2 байланыс операторларына тарифтер құнын 57 пайызға дейін негізсіз қымбаттатқаны үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі олқылықтарды дұрыстау жөнінде хабарлама жіберген. Егер операторлар міндетті уақытында орындамаса, тексеріс басталатындығы ескертілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *