Жылыойда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңес отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты. Отырыста «Жылыой ауданындағы азаматтық қоғамның дамуы», «Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорға есеп тапсыруы», «Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамыту бағытында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл», «Қоршаған ортаны қорғау және туризмді дамыту бағытындағы әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу» туралы айтылып, талқыланды. Жиын барысында ҮЕҰ өкілдері білімге қатысты, оның ішінде техникалық білім саласын дамыту бағытында өз ұсыныс айтты.
Толығырақ сілтемеде
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0