Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚТАР ЖОЛ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЫЛБЫР ЖҮРІП ЖАТҚАНДЫҒЫНА ШАҒЫМ АЙТТЫ

Құрманғазылық депутаттар ауданда жол салып жатқан «Атырау жолдары» ЖШС басшыларымен бірге Дыңғызыл, Орлы, Хиуаз, Ақкөл ауылдық округтерінің халқымен кездесті. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиеваның айтуынша, халықтан ауылішілік жол құрылысына қатысты арыз-шағымның түсуі жиілеген. Мысалы Ғизат Әліпов атындағы ауыл тұрғындары Ақкөлмен екі ортадағы 12 шақырымдық жолдың екі жылдан бері бітпей отырғанына ренішті. «Атырау жолдары» ЖШС директоры Орынбасар Өтепқалиевтің сөзінше биыл 1 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта топырақ төгіліп, жұмыс басталып жатыр.
Толығырақ: https://fb.watch/kAni2qAkdM/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *