Басты ақпаратЖаңалықтар

Құлсары – Доссор аралығындағы жол жабылды

Атырау облысы ПД Құлсары-Доссор аралығындағы жол жабылғанын хабарлады. Ағын су тас жолды басып кеткен.

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар назарына!Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын су тасжолды басып кетті. Осыған байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады»
-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *