Былтыр орташа жөндеуден өткен Құлманов көшесінің 150 шаршы метр жолынан ақау анықталған. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары мәлімдеді. Яғни, жобалық-сметалық құжаттама бойынша төселген тас жолдың қалыңдығы 6 см. болуы тиіс. Алайда, асфальттің қалыңдығы 2,5 — 4 см екені анықталыпты. Қазіргі таңда мердігер мекеме аталған кемшіліктерді қайта қалыпқа келтірген. Ол үшін өз қалталарынан 20 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсапты.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0