Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету мен ауданның денсаулық сақтау саласын жақсартуды көздеген аймақ басшылары биыл Жангельдин, Жасқайрат, Қоныстану, Қаракөл, Тасшағыл дәрігерлік амбулаториясының ұжымына қызметтік көлік алып берді.

Табысталған 5 машина да жол талғамайды, яғни енді дәрігерлердің шалғай ауылдар мен құмды жерлерге еш қиындықсыз жетуіне толық мүмкіндік бар. Медициналық авто науқасқа алғашқы көмек көрсету кезінде қажет болатын замануи құрылғылармен толықтай жабдықталған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы дәл осындай 5 автокөлік аудандық аурухана, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр және Қызылқоға дәрігерлік амбулаторияларына берілген еді.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *