Қызылқоғада 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев мерекемен құттықтап, әскери қызметкерлерге алғыс айтты. Жиында тәжік-ауған, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысқан және әскери салада қызмет етіп жүрген бірқатар қызметкер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі тәжік-ауған соғысын көрген, мерген Айбек Ізімов. Ол «Қазбат» жауынгерлік іс-қимыл және бітімгершілік операция ардагерлерінің одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің бұйрығымен «Ветеран боевых действий» медалімен марапатталды.
Толығырақ сілтемеде
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0