Облыстық «Аманат» партиясының ғимаратында экологиялық қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Жиналғандар «Атырау облысы су арнасы» мекемесі балансындағы №5-інші су тазарту қондырғысының қазіргі жағдайын талқылады. Әбден ескірген оны жаңғыртудан өткізу керектігі айтылды. Негізі дәл осы әңгіме бұған дейін де талай жиынның тақырыбы болған. Бірақ, айтылған жерде қалып келеді. Жиында суды тазартатын қолданыстағы технология туралы да сөз болды. Астанадан келген сарапшы суды хлормен тазалауға мүлде қарсымын деді. Оның сөзінше, бұл — ескінің сарқыншағы. Дамыған елдер мұндай тәсілден әлдеқашан бас тартқан.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/945207199849202
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0