Басты ақпаратЖаңалықтар

Қоныстану ауылының қазіргі жай-күйі

 Қоныстану ауылының тұрғындары қазіргі уақытта жағалай бөгет салып жатыр. Дегенмен, қапшық қажет дейді.

Ауыл әкімінің сөзінше, ауылға су 1 сәуір күні түнгі сағат бірде келген. «Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жыл сайын жасап отырамыз. Бірақ судың бұлай келуін ауыл тұрғындарының бірде-біреуі көрмеген. Дегенмен сақтану шаралары үшін бал соқтық. Негізгі бал каналдың бойына 1 шақырымдай соғылды. Қол күші жеткілікті. Қосымша техникалар келе жатыр. Су деңгейі 80 см. Түнде 300-400 адам жұмыс жасаса, қазір қауіп сейілген соң, 100-ден аса адам жұмыс жасап жатыр» -деді Көздіғара ауылдық округінің әкімі Ернар Есенов.

Қатты ағыспен келген судың нәтижесінде ауылдағы мешіт, спорт кешені және төрт үй суға кеткен. Облыстық төтенше жағдай қызметінен 50 адам көмекке келіпті. Қазір де тұрғындар күн-түн демей бөгет салуда. Ауылда 1575 тұрғын бар, 275 адам эвакуацияланды. Оның 130-дайы қалаға жеткізілсе, қалғаны эвакуациялық пунктке орналастырылды. Өз көліктерімен қалаға кеткендер де бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *