Жәниба Қарасаева 1947 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосында туған. Атырау университетінің тарих факультетін тамамдаған. Әр жылдарда қарапайым жұмысшыдан бастап, есепші, мұғалім, «Бақсай» кеңшарында кадр бөлімінің меңгерушісі, аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 1977 жылдан ауылдық, аудандық, республикалық айтыстарға қатысқан. «Сүтақы» (1999), «Жүректің пернелері» (2001), «Ана сағынышы» (2003), «Махаббат киесі» (2004), «Өмір тіні» (2008) кітаптарының авторы. Махамбет ауданының Құрметті азаматы. «Халық таланттары» республикалық телевизиялық фестивальдің лауреаты.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
1
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0