Атырау, Caspian News. Бүгін — мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қадір түні. Ислам ғалымдары бұл түнді Рамазан айының 27-ші түніне сәйкес келу ықтималдығы жоғары деп есептейді. Яғни, биылғы ерекше түн мамырдың 31-нен маусымның 1-не сай келіп отыр. Дін өкілдерінің айтуынша, бұл түнді құлшылықпен өткізген адамның өткен күнәлары кешіріліп, бір жыл бойғы ризық-несібесі анықталады екен. Бұл атаулы мерекеге орай облыстық «Иманғали» орталық мешітінің әкімшілігі де қызу дайындық үстінде. Бүгінгі түні олар 2 500 адамға сәресін беруді жоспарлап отыр екен.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0