Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАРУЛЫ ТОП МАҢҒЫСТАУ ЖЕРІНЕ ЗАҢСЫЗ КІРІП, ХАЛИФАТ ОРНАТУДЫ КӨЗДЕГЕН

 

Қарулы топ Маңғыстау аймағына заңсыз кіріп, елде халифат орнатуды көздеген. Бірақ елге арам пиғылмен келгендердің жоспары жүзеге асқан жоқ. Оларға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әскерилері бірлесе жүріп, тойтарыс берді.

Бұл – Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік-деп аталған халықаралық оқу-жаттығу сценариі. Осылайша бес елдің әскери контингенті 10 күн бойы арнайы операцияларды бірлесе жүріп орындауға машықтанды. Атап айтқанда барлау жүргізіп, минаға қарсы қамтамасыз ету, аралық базаны, құрлықтағы және теңізде содырлардың көзін жою секілді тапсырманы орындады. «Оймаша» оқу полигонында, Каспийдің Қарақия ауданы маңындағы Тоқмақ мүйісінде өткен жаттығуға 4000 әскери қызметші жұмылып, 700-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника пайдаланылды. Нақтыласақ, операцияға әскери-теңіз, әуе десанты, шабуылдау эшелондары, мобильді-атыс тобы қатысып, оларға зымыран-артиллериялық кеме, артиллерия, армиялық және майдандық авиация қолдау көрсетті.

What is your reaction?

Excited
1
Happy
1
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...