Жаңалықтар

…ҚАН ТҮКІРІП ТҰР

Атырау облысында өкпе ауруына алғаш рет шалдыққандар көбейген. Яғни, өткен жылы олардың саны 387 болса, биыл бұл көрсеткіш 470-ке жуықтап тұр, — дейді мамандар. Құрт кеселімен ауыратындардың көбі Атырау қаласында, ал аудандар арасында Индер, Исатай, Мақат алда келеді. Дей тұрғанмен, дәрігерлер он жыл бұрынғы мерзіммен салыстырғанда Кох таяқшасын жұқтырғандардың саны біршама азайды дегенді айтады. Яғни, 2008 жылы өңірімізде туберкулездің белсенді түрімен ауыратындардың саны 1500 болса, қазір мыңнан сәл асып жығылады. Көрсеткіштің біршама төмендеуіне соңғы жылдары замануи медициналық жабдықтардың алынуы әсер еткен. Өйткені, бұрын адамның өкпе дертімен ауыратындығын анықтау үшін үш айға жуық кететін болса, қазір оны екі сағаттың ішінде білуге мүмкіндік бар. Бұдан өзге, биыл аймақта бірінші рет аурулардың онлайн картасы жасақталып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *