Атырау көшелері қар мен еріген қар суынан тазартылып жатыр. Негізгі күш орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңына жұмылдырылған. Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке сенсек, облыс орталығында «Арнаулы Автобаза» мекемесінің 180 жұмысшысы тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қозғалысына қиындық болмасы үшін күні-түні бел шешпей еңбек етіп жүр. 90-ға жуық техника және бар. Жалпы 21-ақпаннан бері қала аумағынан 43 280 текше метр қар шығарылған. Ал алдағы күн райына райына келетін болсақ. Синоптиктердің мәліметінше, облыстың басым бөлігінде күн құбылмалы болғалы тұр. Алдағы үш күнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0