Таңнан бері тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан қаланың біраз бөлігін су басып, тұрғындарға қиындық туғызды. «Арнаулы автобаза» мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін қала аумағынан 700 текше метрге жуық жаңбыр суы шығарылған. Қазіргі таңда бұл жұмыс орталық көшелер мен «Сарықамыс», «Самал», «Нұрсая», «Балықшы», «Вокзал маңы» және «Ет комбинаты» ықшам аудандары мен «Тұрғындар қалашығы» аумағында жүргізілуде. Ол үшін 40-тан астам қызметкер жұмылдырылып, 20-ға жуық арнайы техника бағытталған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0