Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЛАДАҒЫ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН АУЫСТЫРУ ҮШІН 800 МЛН.ТГ БӨЛІНДІ

Атырау қаласының билігі жылыту маусымына дайындық жасаап жатыр. Осы уақытқа дейін «Атырау жылу электр орталығының» желісіне қосылған 1000-нан астам көпқабатты тұрғын үйдің 37 пайызы гидравликалық сынақтан өтіпті. Мамандар осы 390 үй қысқа дайын дейді. Басқа мекемелерден жылу алатын пәтерлерде де тексеру, жөндеу, тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Мұқашев бар шаруаны 1-қазанға дейін тап-тұйнақтай етіп аяқтаймыз дейді.

Жауапты мамандар қысқа дайындықты мамыр айында бастапты. Олар салқын түскенге дейін жылу  құбырының 8,5 шақырымын ауыстыруды жоспарлап отыр. Қазір осы жұмыспен айналысатын мекемені анықтау үшін конкурс жарияланған. Сондай-ақ, қаладағы 21 жылу қазандығын ауыстыру да күн тәртібінде. Ол үшін жергілікті бюджеттен 800 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Енді тек кім ауыстыратынын анықтау қалды.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *