Каспий теңізі арқылы тасымалданатын мұнай көлемі 3,5 есеге артты. Жыл басынан бері «Қазтрансойл» АҚ Ақтау теңіз порты арқылы Теңіз кен орнынан 490 мың тоннадан астам қара алтын экспорттаған. Мұнай «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры арқылы шетелге жіберілді. Былтыр «Қазтрансойл» теңіз арқылы 3 млн 376 мың тонна мұнайды сыртқа шығарған еді. Компания жыл соңына дейін Теңіз кен орнынан 1,5 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді көздеп отыр. Тасымал «Ақтау» бас мұнай айдау стансасы арқылы жүзеге асырылуда.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0