Жаңалықтар

ҚАЗМҰНАЙГАЗДА ҚЫСҚАРТУ

Қызметкерлерді қысқарту «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына да жетті. Орталық аппараттағы әр үшінші адам дағдарысқа қарсы стратегия аясында жұмыстан шығады. Пандемияға байланысты мұнайға деген сұраныстың төмендеуі компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етіп отыр.   Бірінші тоқсанның өзінде мекеменің табысы өткен жылмен салыстырғанда 3 есе азайған.

Дәулетжан ХАСАНОВ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі атқарушы директоры

Бұл стратегия шығындарды азайтуға және дағдарыстан кейінгі кезеңде мекеменің тез әрі тиімді дамуына мүмкіндік береді. Осы шаралардың аясында Директорлар кеңесінің шешімі негізінде компанияның жаңа құрылымы бекітілді. Оған сәйкес орталық аппараттағы штат 34 пайызға, яғни 729-дан 480-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар орталық аппараттағы департаменттердің саны үш есе азайды. Басқарушы директорлар лауазымы жойылды.

Енді компанияда қызметтік көлік болмайды. Тіпті, жоғары лауазымдағылар да жұмысқа өз бетінше қатынайды. Мұның барлығы автокөліктерді жалға алмай, жанар-жағармайға кететін шығындарды азайту мақсатында жасалып отыр. Айта кету керек, жұмыстан қысқарту тек орталық аппаратқа ғана әсер етеді. Бөлімдер саны үш есеге азаяды. Ал, өндірістегілер өз жұмыстарын жалғастыра береді. 

Дәулетжан ХАСАНОВ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі атқарушы директоры

— «ҚазМұнайГаз» компаниясының орталық аппаратынан босап қалған қызметкерлердің 10 пайызы біздің еншілес кәсіпорындарға қызметке барады. Олардың карантин шаралары енгізілмес бұрын еншілес компаниялардағы топ-позицияларда еңбек ететініні шешілген. Сонымен бірге, біліктілігі жоғары техникалық қызметкерлер еншілес ұйымдардағы орташа санаттағы вакантты позицияларда жұмыс істейді. Қызметкерлердің қалған 90 пайызы «ҚазМұнайГаз» жүйесінен босатылады.

Жұмысынан босап қалған қызметкерлерге көрсетілетін қомақты қолдау да бар. Нақтырақ айтсақ, олар 3 айлық еңбекақы көлемінде өтемақы алады. Одан бөлек, жарты жыл бойы ай сайынғы жалақысының елу пайызы төленіп тұрады. Ал әлеуметтік тұрғыдан қорғалған — жұмыстан босап қалған қызметкерлерге бір жылдық жалақы көлеміндегі өтемақы беріледі. Жұмысынан қағылған әр қызметкер мен оның отбасындағылар 2021 жылдың ақпанына дейін компания есебінен медициналық сақтандыру қызметтерін пайдалана алады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *