Атырау мен Астрахань облыстары екі арадағы тауар айналымы көлемін арттыру үшін ұзақ мерзімді келісімге келмек. Болашақта бізде шығарылған өнімнің Астрахань қаласындағы «Кутум» базарында сатылуы мүмкін. Көрші облыс бізден асыл тұқымды мал мен мал жүнін сатып алғысы кеп отыр. Ал Атырау көрші облыстан қара балықтың және бекіре тұқымдастардың шабақтарын, ауылшаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшек сатып алмақ. Бұл жұмыстар Атырау және Астрахань облыстары басшылығы қол қойған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шара жоспарында қамтылған. Ресми кездесу кезінде көрші өңірлерге ортақ мәселелер көтеріліп, басшылар бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/230970246174312
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0