Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанған атыраулық сәбиге қандай есім қойылды?

Қазақстанның бес облысында бір сәтте дүниеге келген үш ұл мен екі қыз елге танымал балалар атанды. Соның ішінде атыраулық сәбиге қандай есім қойылды және олардың ата-анасы кім екені белгілі болды. 

Атырау облысында туылған 20 миллионыншы қазақстандық – Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетованың отбасындағы тұңғышы. Бала салмағы – 3 келі 660 грамм, бойы – 54 см.

Әкесінің айтуынша, әйелі екеуі Мұхаммедтің дүниеге келуін төрт жыл күткен. «Бүгін таңертең әлеуметтік желілерден еліміздің 20 миллионыншы азаматы дүниеге келді деген хабарды оқыдым. Солардың ішінде менің балам бар екен деп ойладым. Осы кезде әйелім телефон соғып, қуанышты хабарды айтты.

Баламызды төрт жыл күттік. Отбасымызды ғана емес, бүкіл елді қуанышқа бөледі. Мен ұлым болашақта нағыз патриот болып, елі мен халқына адал қызмет етсе деп армандаймын»- деді сәбидің әкесі.

Атырау облысында жыл басынан бері барлығы 14 мыңға жуық бала дүниеге келген.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *