Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 985 адамды ұстады, оның ішінде: шекараны бұзу бойынша – 36 шетел азаматы, шекараны бұзу әрекеті бойынша – 48 шетел азаматы.
Сонымен қатар, мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактілерінің 1 746-сы алдын алынды, оның ішінде:
— Наркотикалық заттар – 48 факт;
— Қару-жарақ пен оқ-дәрілер – 103 факт (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 дана суық қару, 464 оқ-дәрі);
— Діни әдебиет – 27 факт (492 дана);
— Жанар-жағармай материалдары – 664 факт (107 мың литрден астам) жалпы сомасы 108 миллион теңгеден асатын;
— Тұтыну тауарлары – 729 факт жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам;
— Валюта – 175 факт жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеден астам.
«Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік фактілердің тоғызын тоқтатып, мынадай заттар тәркіленді: жүзу құралдары – 7 дана, браконьерлік аулау құралдары – 8,3 км торлар, осетр балықтары – 14 дана (50,5 кг), жайын балықтары – 311 дана (716 кг) және су құстары тасбақалары – 38 дана. Алдын алынған зиянның сомасы шамамен 19,4 миллион теңге. Осы фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жібереді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеулер енгізілмегені, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі.