Коронавирус тағы бір адамның өмірін жалмады.
Нұр-Сұлтандық 50 жастағы ер адам 21 наурызда жедел жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғандай, марқұм 1 ай бойы ауырғанмен, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінбепті.
Жұмыс бабымен іссапарға жиі шыққан ер азаматпен қарым-қатынаста болған 31 адам ауруханаға жатқызылған. Тағы 55-і үй карантинінде. Сонымен қатар, көз жұмған азаматтың отбасы мүшелерімен жақын араласқан тағы екі адамнан коронавирус анықталып отыр.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0