Caspian News, 10 қараша. Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді. Қан айналымы, буын аурулары, бактериялық және қабыну инфекциялары, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттарды енді қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Олардың ішінде кеңінен қолданылатын дәрілер: «Гепар Композитум Хеель», «Ревмоксикам», «Цефяпс», «ВАЛМАК-Н», «Зитмак».
Бұл шара дәрі-дәрмектердің бағасын ашық әрі айқын ету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетімен бірлесіп жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 4994 дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілген. Сонымен қатар, 1707 рецептсіз сатылатын препараттар нарықтық бағамен сатылады, бірақ үнемі бақылауда болады.
Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті бағаны тұрақты қадағалауды жалғастырады. Баға бұзушылықтарын байқасаңыз, «DariKZ» немесе «Naqty Onim» мобильді қосымшалары арқылы хабарлауға немесе комитеттің аймақтық департаменттеріне жүгінуге болады.








