Атырау, Caspian News. Атырауда біраз уақыттан бері жоғалып кеткендер тізімінде тұрған екі адам мен іздеуде жүрген тағы екі қылмыскер анықталды.
Олардан өзге құжатсыз жүрген он шақты адам және табылды. Бұл – қалада екі күн бойы жүргізілген «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесі. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың арасында орын алған қылмыстарды анықтауға, оларды тұтқындауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге арналған шара барысында қала көшелерінен бөлек қаңғыбастар жиі мекендейтін құдық-шатырлар, жертөлелер мен жылу жүйелері тексерілген болатын. Тексеріс нәтижесінде тұрақты мекен-жайы жоқ 200-ден астам адам және тіркелді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0